Қазақстан құрамасының капитаны "Кіші әлем чемпионатының" жүлдегері атанды
26.02.2025, 20:17
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Странджа-2025 кубогының 1/4 финалында жеңіске жетіп, турнирдің жүлдегері атанды.
vesti.kz
1/4 финалда Айбек Оралбай Ирландиялық боксшы Годстайн Идемудиямен кездесіп, бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 5:0.
Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының капитанына "Кіші әлем чемпионатының" қола жүлдесін қамтамасыз етті.
Еске салсақ, 1/8 финалда Оралбай пәкістандық боксшы Тахир Абдул Вахабты бірінші раундта нокаутпен жеңген еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама