Делиде қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды

Редактор Penalty.kz
27.02.2025, 20:31

Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты жалауын көтерді. Екі күнге жалғасатын дүбірлі додаға әлемнің 20-дан астам елінің 200-ге жуық балуаны қатысып жатыр. 

alash.kz

Аталған біріншіліктің бағдарламасына сәйкес, спортшылар (ерлер мен әйелдер) 16 салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтауда. Дели төрінде төл күресімізден ел намысын қорғап жатқан балуандар қатарында Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Мұзаппаров Ерсұлтан, Нұрдәулет Жарылғапов, ⁠ Зарина Сарипова, Рауза Нұрмахамметова және Роза Нысантайқызы сынды үздіктер бар. 

Әлем біріншілігі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қорының қолдауымен дели қаласындағы "Тьягарадж" ұлттық стадионында өтіп жатыр.

Турнирдің бірінші күнінің нәтижелері жарияланды

Бірінші жарыс күнінде ерлер мен әйелдер арасында әртүрлі салмақ дәрежесінде жекпе-жектер өтті. Қазақстандық спортшылар 6 алтын медаль иеленді.

Ерлер арасындағы жүлдегерлер

55 кг:

  1. Бекжан Төлепов (Қазақстан)
  2. Хуршидбек Чориев (Өзбекстан)
  3. Баблу Кумар (Үндістан)

60 кг:

  1. Мейіржан Берекетов (Қазақстан)
  2.  Георгий Инашвили (Грузия)
  3.  Эйваз Бахшиев (Әзербайжан)

66 кг:

  1. Нұр Аманшукіров (Қазақстан)
  2. Гиги Отиашвили (Грузия)
  3. Аркадиуш Якуб Макаревич (Польша)/Хемат Кумар (Үндістан)

74 кг:

  1. Жұмажан Қожамбеков (Қазақстан)
  2. Навруз Каримзод (Тәжікстан)
  3. Гаджали Гасимов (Әзербайжан)/Матеас Трилльяерв (Эстония)

Әйелдер арасындағы жүлдегерлер

48 кг:

  1.  Айжан Жылқыбаева (Қазақстан)
  2.  Оливия Виктория Козуч (Польша)
  3. Прия Прия (Үндістан)

52 кг:

  1. Ситора Элмуродова (Өзбекстан)
  2. Маскан (Үндістан)
  3. Аружан Адасхан (Қазақстан)

56 кг:

  1. Рауза Нұрмахаметова (Қазақстан)
  2.  Ниша Кумари (Үндістан)
  3. Мартина Галек (Польша)

60 кг:

  1. Анну (Үндістан)
  2. Хуршида Тухлиева (Өзбекстан)
  3. Гүлім Елубай (Қазақстан)/Фидан Гусейнова (Әзербайжан)