Қазақстандық боксшылар "кіші" әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды
27.02.2025, 21:59
Қазақстан ұлттық құрамасы Болгарияның София қаласында өтіп жатқан "Странджа кубогында" үш жүлдені қоржынға салды.
Vesti.kz
Жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз еткен қазақстандық боксшылар:
- Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг)
- Ертуған Зейнұллинов (63,5 кг)
- Сабыржан Аққалықов (75 кг)
Ширек финалдағы жекпе-жектер
Мұхамедсабыр Базарбайұлы 1/4 финалда Ирландия өкілі Джейсон Невинді төрешілердің бірауызды шешімімен (5:0) жеңді.
Ертуған Зейнұллинов әзербайжандық Руслан Рустамовты (4:1) есебімен ұтып, жартылай финалға шықты.
Сабыржан Аққалықов Италия боксшысы Ремо Сальватиді (5:0) есебімен сенімді жеңіп, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама