
Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты жалауын көтерді. Екі күнге жалғасатын дүбірлі додаға әлемнің 20-дан астам елінің 200-ге жуық балуаны қатысып жатыр.
Аталған біріншіліктің бағдарламасына сәйкес, спортшылар (ерлер мен әйелдер) 16 салмақ дәрежесінде кіл мықтыны анықтауда. Дели төрінде төл күресімізден ел намысын қорғап жатқан балуандар қатарында Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Мұзаппаров Ерсұлтан, Нұрдәулет Жарылғапов, Зарина Сарипова, Рауза Нұрмахамметова және Роза Нысантайқызы сынды үздіктер бар.
Әлем біріншілігі "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және Sport Qory спортты қолдау қорының қолдауымен дели қаласындағы "Тьягарадж" ұлттық стадионында өтіп жатыр.
Бірінші жарыс күнінде ерлер мен әйелдер арасында әртүрлі салмақ дәрежесінде жекпе-жектер өтті. Қазақстандық спортшылар 6 алтын медаль иеленді.
Ерлер арасындағы жүлдегерлер
55 кг:
60 кг:
66 кг:
74 кг:
Әйелдер арасындағы жүлдегерлер
48 кг:
52 кг:
56 кг:
60 кг: