Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Санжар Тәшкенбайдың сенсациялық жеңілісі: Мәселе қолғапта ма?

Сарапшы, спорт журналисі
27.02.2025, 18:58

Қазақстан бокс федерациясы Болгарияның София қаласында өтіп жатқан "Странджа-2025" кубогында Санжар Тәшкенбайдың күтпеген жеңілісіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

optimizm.kz
optimizm.kz

Бүгін 48 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай “Странджа” турнирінің 1/4 финалында ирландиялық Луис Руниге қарсы шыққан еді. Алайда жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.

ҚБФ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Санжар Ташкенбай жекпе-жек барысында қолынан жарақат алған. Осыған байланысты ол кездесуді жалғастыра алмады. Қазір спортшыға медициналық көмек көрсетілуде.

Мәселе қолғапта ма?

Белгілі спорт журналисі Уалихан Қосанбай жарыста қолғаптардың өте жұқа екенін, ал қолды қалың орауға рұқсат берілмегенін мәлімдеді. Осыған байланысты Ұлттық құраманың өкілдері халықаралық бокс қауымдастығына (IBA) аталған жайт жайлы ескертпек екен. 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір