Айбек Оралбай Джалоловтың ізбасарымен жекпе-жек өткізді: нокдаун және сенсациялық нәтиже (ВИДЕО)
03.03.2025, 09:50
Болгарияның София қаласында өткен "Странджа кубогында" ерлер арасындағы аса ауыр салмақта финалдық айқас өтті.
Vesti.kz
+92 кг финалында нағыз "эль-класико" жекпе-жегі болды. Қазақстандық Айбек Оралбай мен өзбекстандық Джахонгир Зокиров алтын медаль үшін шайқасты.
Бірінші раундта рефери Оралбайға нокдаун есептеп, оның жағдайын қиындатты. Тартысты өткен жекпе-жек 3:2 есебімен өзбек боксшысының пайдасына аяқталды.
Осылайша Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбай "Странджа кубогы" турнирінің күміс жүлдегері атанды.
Ол бұған дейін Азия чемпионатында екі рет (2022, 2024) алтын медаль иеленген.
Ал Джахонгир Зокиров – Өзбекстанның әйгілі супер ауыр салмақ өкілі Баходир Джалоловтың ізбасары саналады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама