Таэквондошылар Есбол Сұлтановтың жетекшілігімен ТОП-турнирде атой салды
Жарнама
Жарнама
Қазақстандық таэквондо шеберлері 2025 жылдың алғашқы халықаралық жарысында 14 медаль жеңіп алды.
Софияда өткен халықаралық "Bulgaria Open G1" турнирінде Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:
Алтын медаль:
- Гол Орынбасар (74 кг)
Күміс медаль:
- Хазірет Дүйсенбек (54 кг)
- Бектөре Оралхан (58 кг)
- Батырхан Төлеуғали (80 кг)
- Нұрлан Мырзабев (87 кг)
- Нодира Ахмедова (49 кг)
Қола медаль:
- Артур Серік (54 кг)
- Аманбол Бегімбетов (63 кг)
- Дамир Шуленов (68 кг)
- Мерген Ғаниеев (80 кг)
- Нұрай Бауыржанова (49 кг)
- Айдана Сүндетбай (53 кг)
- Нұрай Қазынабек (57 кг)
- Камила Аймұқашева (62 кг)
Бұл – Қазақстан құрамасын 2025 жылы алғаш рет халықаралық аренада жетелеген бас бапкер Есбол Сұлтановтың зор жетістігі.
Жарнама
Жарнама