"Бұл нағыз сенсация болады". Промоутер қазақстандық боксшылардың титулдық жекпе-жегін жариялады
Fight Nights Global лигасының басшысы Камил Гаджиев қазақстандық Фаниль Рафиков пен ресейлік ММА жұлдызы Дамир Ысмағұлов арасында титулдық бокс жекпе-жегін ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Гаджиевтің ұсынысы
"Ертең мен Фаниль Рафиков пен Дамир Ысмағұловқа титулдық бокс жекпе-жегін өткізу туралы ұсыныс жасаймын. Бұл кездесудің сыйақысы да өте жоғары болады.
Олар бұл жекпе-жекке шығуға келіседі деп ойлаймын. Өйткені ММА ұйымдары алдындағы міндеттемелерінен басқа, оларды ештеңе ұстап тұрған жоқ.
Бұл – нағыз сенсация болады", – деді Гаджиев "Апта қорытындысы" бағдарламасында.
Екі спортшының соңғы жекпе-жектері
27 ақпанда Фаниль Рафиков бокс шаршы алаңында ресейлік Ахмед Алиевті жеңді.
Дамир Ысмағұлов 20 желтоқсанда кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті өткізіп, бразилиялық Фелипе да Силва Майяны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.