Шавкат Рахмоновтың жарақаты асқынып кетті

Редактор Penalty.kz
04.03.2025, 07:00

Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Әбдірахманов оның жарақаты туралы пікір білдірді. 

BaigeNews.kz

Шавкаттың титулдық жекпе-жегі неге өтпейді?

Бастапқыда Рахмонов пен UFC жартылай орта салмақ чемпионы Белал Мұхаммадтың 10 мамырда титул үшін жекпе-жекке шығатыны жоспарланған. Бірақ 20 ақпанда күтпеген жаңалық жарияланып, Мұхаммадтың австралиялық Джек Дела Маддаленамен айқасатыны белгілі болды.

Кейін белгілі болғандай, Шавкат жарақатынан толық айықпағандықтан бұл кездесуге қатыса алмайды.

"Бұл оның Иэн Гэрримен жекпе-жекке дейін алған жарақаты, бірақ Гэрримен айқаста жарақат одан әрі асқынып кетті. Өкінішке қарай, бүгінге дейін толық жазылмады.

Иә, бұл аса ауыр жарақат емес, бірақ оған мамырда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік бермейді. Дегенмен, Шавкаттың мансабына айтарлықтай қауіп төндіретін жарақат емес", – деп түсіндірді Саят Әбдірахманов.

Қазіргі Шавкаттың толық қалпына келуін күтіп, UFC басшылығы оның келесі қарсыласын анықтайды.