Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегіне билет бағасы 255 000 теңгеге дейін жетті

Редактор Penalty.kz
05.03.2025, 14:10

5 сәуір күні Астанада өтетін бокс кешінде орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз титулдарын қорғайды.

kombatpress.com

"Қазақ стилі" рингте жеңіліс көрмеген француз Анауэль Нгамисенгуеге қарсы шығады. Сонымен қатар, бұл кеште Сұлтан Зауырбек пен Батыржан Жүкембаев та өнер көрсетеді.

Билет бағалары қанша?

Билеттер сатылымға шықты, және олардың бағасы келесідей:

  • Ең арзан билет – 20 000 теңге
  • Билет құны 25 000 - 180 000 теңге аралығында өзгеріп отырады
  • Ең қымбат билет – 255 000 теңге

Бұл кеш Қазақстандағы жылдың ең ірі бокс оқиғаларының бірі болмақ, ал жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлының кезекті жеңісіне куә болу мүмкіндігіне ие.