Өзбекстандағы этникалық қазақтың жекпе-жегі жылдам нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
07.03.2025, 10:58

Руслан Абдуллаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Instagram/@ruslann_abdullaev

Өзбекстан атынан сынға түсетін этникалық қазақ Руслан Абдуллаев кәсіпқой бокстағы дебютін сәтті өткізді. 

Абдуллаев АҚШ-тың Индио (Калифорния) қаласында өткен Golden Boy және DAZN промоутерлік кешінде алғаш рет кәсіпқой рингке шықты.

Оның қарсыласы – 36 жастағы мексикалық Хосе Валенсуэла Альварадо (3-20-1, 2 KO) болды. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта Руслан Абдуллаев қарсыласын нокаутқа түсіріп, кездесуді уақытынан бұрын аяқтады.

Абдуллаев – тәжірибелі әуесқой боксшы. Ол Өзбекстан құрамасы сапында Азия және әлем чемпионы атанған.

2019-2020 жылдары Қазақстанның жастар құрамасына қосылуға тырысты. Бірақ пандемияға байланысты Өзбекстанға қайта оралуға мәжбүр болды.