UFC: Қазақстанның тумасы Гэтжимен көз арбасу рәсімін өткізді (ВИДЕО)
07.03.2025, 11:31
Қазақстанда дүниеге келген танымал аралас жекпе-жек шебері Рафаэль Физиев пен америкалық Джастин Гэтжи UFC 313 турнирі алдында стердаун өткізді.
reddit.com
Кездесу 8-9 наурыз түнінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 313 турнирінде ұйымдастырылады.
Бұл жекпе-жек – екі спортшы арасындағы реванш. Алғашқы айқас UFC 286 турнирінде 2023 жылдың наурызында өтті. Сол кезде Гэтжи үш раундтық шайқаста төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Физиевтің соңғы жекпе-жегі қалай өтті?
Рафаэль Физиев 2023 жылдың қыркүйегінде қайта октагонға оралып, поляк Матеуш Гамротпен жекпе-жек өткізді. Алайда бұл кездесуде Физиев тізе жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастыра алмады және мерзімінен бұрын жеңілді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама