Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Мұхиттық Гран-при кезеңінің (7-9 наурыз) жартылай финалына жолдама алды.
Бірінші жекпе-жек – жапониялық Мизуки Харадаға қарсы татамиге шыққан Әбужақынова қарсыласынан "юко" және "иппон" әдістерімен басым түсті.
Екінші жекпе-жекте турнир қожайыны австриялық Жаклин Шпрингерге қарсы тұрды. Қарсыласы үш рет "шидо" алып, жеңіс қазақ спортшысына бұйырды.
Осылайша топ-турнирдің басты фавориттерінің бірі саналатын Әбиба Әбужақынова жартылай финалға жолдама алды.
Бұл гран-при кезеңі Әбиба Әбужақынова үшін 2025 жылғы алғашқы халықаралық жарыс болып табылады.
Өкінішке қарай, 52 кг салмақтағы Толғанай Әбеуова мен 57 кг салмақтағы Дана Әбдірова турнирдің бірінші айналымында жарыс жолынан шығып қалды. Олар Сербия және Хорватия спортшыларына қарсы "вазари" ұпайымен ұтылды.