Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық үш боксшы кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионатына шақырту алды

Сарапшы, спорт журналисі
07.03.2025, 18:00

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар WBC және Турки Аль аш-Шейх ұйымдастыратын алғашқы Гран-при турниріне қатысады. 

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Adal Promotions промоутерлік компаниясының мәліметінше, бұл беделді жарысқа Қазақстан атынан Жолдас Жеңісов (7-0, 3 KO), Нұрқанат Раиыс (1-0, 0 KO) және Санатәлі Төлтаев (2-0, 1 KO) қатысады. Олардың алғашқы қарсыластары әлі ресми түрде жарияланған жоқ.

WBC және Riyadh Season Гран-приі туралы

Бұл бірегей турнир төрт салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Жалпы 41 елден 128 кәсіпқой боксшы бақ сынайды. Сауд Арабиясында өтетін турнир бес бокс кешіне бөлінеді.

Гран-при ережесіне сәйкес жекпе-жектерде тең нәтиже болмайды – әр кездесуде бір ғана жеңімпаз анықталады.

Гран-при турнирінің болжамды кестесі

  • Сәуір – 1/16 финал (64 жекпе-жек)
  • Маусым – 1/8 финал (32 жекпе-жек)
  • Тамыз – 1/4 финал (16 жекпе-жек)
  • Қазан – Жартылай финал (8 жекпе-жек)
  • Желтоқсан – Финалдық жекпе-жектер (4 кездесу)

Гран-при жүлде қоры: Әр кезеңде қанша төленеді?

  • 1/16 финал – Жеңімпазға 15 000$, жеңілген боксшыға 7 500$
  • 1/8 финал – Жеңімпазға 20 000$, жеңілген боксшыға 10 000$
  • 1/4 финал – Жеңімпазға 35 000$, жеңілген боксшыға 15 000$
  • Жартылай финал – Жеңімпазға 50 000$, жеңілген боксшыға 25 000$
  • Финал – Чемпионға 100 000$

Ең мықты спортшылар жыл соңына дейін 220 000 доллар (шамамен 110 миллион теңге) көлемінде табыс таба алады. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары