Қазақ дзюдошысы Гран-приде даулы шешімнен кейін медальсіз қалды

Редактор Penalty.kz
09.03.2025, 19:20

Австрияның Линц қаласында өткен дзюдодан Гран-при турнирінде Нұрлыхан Шархан жүлдеге іліге алмады. 

baigenews.kz

Шарханның даулы жекпе-жегі

Ширекфиналдық кездесуде Нұрлыхан Шархан венгриялық Кристиан Тотпен күресті. Қарсыласы “вазари” ұпайын алса да, қазақстандық дзюдошы кездесудің соңына қарай “иппон» орындап” жеңіске жеттім деп сенді. Бірақ төрешілер бұл нәтижені есепке алмады. Шархан бұл шешімге наразы болып, эпизодтың қайталанған бейнежазбасын талап еткенімен төрешілердің шешімі өзгеріссіз қалды.

Жүлдеден айырылған сәт

Нұрлыхан Шарханның әлі де “қола” медальға мүмкіндігі болғанымен, жұбаныш белдесуінде израильдік Иосиф Симинмен күрескенде ол әуелі “йокуға” құлап, кейін жекпе-жекті уақытынан бұрын жеңіліспен аяқтады.

Қазақстан құрамасының нәтижелері

Айта кетейік, Гран-при кезеңінде Қазақстан үшін жалғыз “алтынды” Әбиба Әбужақынова жеңіп алды.

Әбиба Әбужақынова. ФОТО: Qaz365.kz

Бұл Нұрлыхан Шархан үшін 2024 жылғы Олимпиададағы сәтсіздіктен кейінгі алғашқы халықаралық жарыс болды. Сонымен қатар, бұл турнирде өзбекстандық дзюдошы үздік қазақстандық спортшыны жеңіп, жүлдеге ие болды.