Қазақстандық қыздар бокстан әлем кубогында он медаль жеңіп алды
10.03.2025, 05:01
Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Черногорияның Будва қаласында өткен "Адриатика маржаны" халықаралық турнирін табысты аяқтады. Бұл дода жастар арасындағы әлем кубогы мәртебесіне ие.
Instagram/@asbc_official
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы 10 медаль еншіледі:
Алтын медаль – Регина Тибенева (57 кг) және Ақбота Есімбекова (66 кг);
Күміс жүлдегерлер – Рахмина Әбдумежітова (52 кг), Ақнұр Тұрсынғали (57 кг), Алина Құдайгенова (63 кг), Айсұлу Мұхит (66 кг), Мария Сидоренко (70 кг), Зарина Төлібай (75 кг) және Сәбина Жақсылық (81+ кг);
Қола медаль – Толғанай Қасымхан (60 кг).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама