Қазақстан – Өзбекстанды басып озды: Әйелдер боксы бойынша ӘЧ жартылай финалына кімдер шықты?
14.03.2025, 09:18
Қазақстандық боксшылар Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алған спортшылар саны бойынша екінші орынға ие.
kazsports.kz
Жартылай финалға Қазақстанның алты спортшысы шықты:
- Назым Қызайбай (48 кг)
- Алуа Балқыбекова (50 кг)
- Виктория Графеева (60 кг)
- Аида Әбікеева (63 кг)
- Наталья Богданова (70 кг)
- Елдана Тәліпова (81+ кг)
Көшбасшылар рейтингі: Қазақстан үздіктер қатарында
Әйелдер құрамалары арасындағы жартылай финалистер саны бойынша көш бастап тұрған – Ресей (7 боксшы). Қазақстаннан бөлек, Түркия мен Сербия да алты спортшыдан жартылай финалға шығарды.
Басқа елдердің көрсеткіштері:
- Қытай – 5 спортшы
- Өзбекстан – 4 спортшы
- Таиланд және Солтүстік Корея – 3 спортшыдан
- Ирландия мен Марокко – 2 спортшыдан
- Вьетнам, Беларусь, Словакия және Молдова – 1 спортшыдан
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама