Виктория Графеева әлем чемпионатында "алтынға" таласады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
14.03.2025, 19:56

Финалдық жекпе-жекте отандасымыз Еуропа чемпионымен шеберлік байқасады. 

olympic.kz

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты-2025 турнирінде Қазақстан құрамасының өкілі Виктория Графеева финалға жолдама алды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. 

Жартылай финалдағы жекпе-жек:

60 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Графеева жергілікті спортшы, Сербия өкілі Наталья Шадринамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Финалда Графеева кіммен жұдырықтасады?

Наталья Шадрина – Еуропа чемпионы, 2023 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері

Айта кетейік, Виктория Графеева қазіргі Азия чемпионы.