Азия чемпионаты: Ұлттық құрамаға кім шақырылды?

Редактор Penalty.kz
14.03.2025, 21:22
olympic.kz

Еркін күрестен ұлттық құрама мүшелері белгілі болды. Иорданияда өтетін Азия чемпионатында Қазақстан атынан бозкілемге шығатын балуандардың есімдері жарияланды.

Ұлттық құрамаға шақырылған балуандар толық тізімі:

  • 57 кг – Рахат Қалжан
  • 61 кг – Балғанбай Мұхамед
  • 65 кг – Нұрсұлтан Садық
  • 70 кг – Начын Куулар
  • 74 кг – Нұрқожа Қайпанов
  • 79 кг – Дәулет Ергеш
  • 86 кг – Болат Сақаев
  • 92 кг – Азамат Дәулетбеков
  • 97 кг – Ризабек Айтмұхан
  • 125 кг – Нұрсұлтан Азов

Турнир қашан өтеді?

Азия чемпионаты 25-30 наурыз аралығында Иорданияда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында еркін күрестен Ризабек Айтмұхан PWL-8 турнирінде америкалық Олимпиада чемпионы Кайл Снайдерге есе жіберген еді.