UFC-дің жаңа файтері Дияр Нұрғожайдың әлеуеті күмән тудыртты

Редактор Penalty.kz
14.03.2025, 15:10

Қазақстандық файтедің жекпе-жегі 16 наурызда АҚШ-та өтеді. 

arena.olimpbet.kz

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC-дегі дебютіне дайындалуда. Алайда, MMA-ға қатысты болжамдар жасайтын I AM SATURDAY аккаунты оның алғашқы жекпе-жегіне қатысты күмәнін келтірді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. 

Дияр Нұрғожайдың дебюті қашан өтеді?

  • Күні: 16 наурыз, таңғы уақытта
  • Өтетін орны: Лас-Вегас, АҚШ
  • Қарсыласы: Брендсон Рибейро (Бразилия)

Бұл Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі болмақ. Ол соңғы рет 2024 жылы қазанда Дана Уайттың үміткерлер сериясында поляк Бартош Шевчикті хайкик нокаутымен жеңіп, UFC келісімшартына ие болған еді.

Сарапшылардың пікірі қандай?

I AM SATURDAY аккаунты оның DWCS-те (Dana White’s Contender Series) көрсеткен өнеріне күмән келтірді:

"Дияр Нұрғожайдың DWCS-тегі өнеріне тәнті болған бар ма? Мені дұрыс түсініңіздер, нокаут керемет, бірақ оған дейін ол өте баяу және статикалық көрінді."

Жанкүйерлер мен сарапшылардың пікірі қазір қақ жарылған. Бірі оның нокаут күшіне сенім білдірсе, енді бірі жылдамдығы мен динамикасына күмән келтіруде.