Дияр Нұрғожай UFC-дегі дебюті алдында көзқарас дуэлін өткізді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 04:32

16 наурыз, жексенбі күні таңертең жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (10-0) UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. 

instagram/@sportlinet

Нұрғожайдың дебюттік қарсыласы – Бразилиядан келген Брендсон Рибейро (16-7). Қос спортшы арасындағы кездесу АҚШ-тың Лас-Вегас (Невада штаты) қаласында өтетін UFC Fight Night 254 турнирі аясында ұйымдастырылады. 

Жекпе-жек алдындағы дәстүрлі дуэль көзқарас рәсімі өтті. Бұл сәттің видеосын төменде көруге болады. Бірақ Нұрғожай салмақ өлшеу кезінде жартылай ауыр салмақтың (93 кг) лимитінен асып, 95,48 кг көрсеткішін тіркеді. Ал оның қарсыласы, Брендсон Рибейро, 92,98 кг салмақпен талапқа толық сай болды.

Белгілі инсайдер Алекс Бегуниннің мәліметінше, салмақ өлшеудегі мәселе жекпе-жектің өтуіне кедергі келтірмейді. Алайда Нұрғожай салмақ асып кеткені үшін айыппұл төлейтін болады.