Қазақ қызы ресейлік боксшыны ойсырата жеңді (ВИДЕО)
15.03.2025, 00:22
Аида Әбікеева Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында сенімді жеңіске жетті.
Instagram/@qaz_team_official
Ресей боксшысына қарсы айқын басымдық
63 кг салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте Әбікеева ресейлік Елена Бабичевамен қолғап түйістіріп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс оған әлем чемпионатының алтын медалі үшін күресуге мүмкіндік берді.
Финалдық жекпе-жек және қарсыластар жетістігі
Елена Бабичева турнирді қола жүлдемен аяқтады. Ал Аида Әбікеева – қазіргі Азия чемпионы, өз салмағында мықты қарсыластарды жеңіп, финалға лайық екенін дәлелдеді.
Бабичеваның да жетістігі аз емес – ол былтыр Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама
