Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасалды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
15.03.2025, 19:06

Қазақстандық UFC жұлдызы, жеңіліссіз өнер көрсетіп келе жатқан Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр. 

BaigeNews.kz
Реклама
Реклама

DarProTeam өзінің Instagram парақшасында спортшының дайындық процесінен үзінділермен бөлісіп, былай деп жазды:

"Жоспар бойынша дайындық жүріп жатыр!

Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жекке қарқынды түрде дайындалуда. Жаттығулар жоғары деңгейде өтуде. Біздің команда барлық аспектілер бойынша жұмыс істеп, файтердің үздік формада октагонға шығуын қамтамасыз етеді. Шавкат толықтай шоғырланған, мотивациясы жоғары және жанкүйерлерге әсерлі жекпе-жек сыйлауға дайын!"

Еске сала кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмоновтың менеджері спортшының жарақатына байланысты жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мұхаммадқа қарсы титулдық жекпе-жектен бас тартқанын мәлімдеген. 

UFC ұйымының шешімі бойынша, Белал Мұхаммад 10 мамырда UFC 315 турнирінің басты жекпе-жегінде австралиялық Джек Делла Маддаленамен кездеседі.

UFC президенті Дана Уайттың мәлімдеуінше, бұл кездесудің жеңімпазы "Номад" лақап атымен танымал Шавкат Рахмоновпен чемпиондық белбеуді қорғау үшін жекпе-жек өткізеді.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары