Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бес дүркін Олимпиада чемпионына UFC-ге ауысу үшін 15 млн еуро ұсынылды

Сарапшы, спорт журналисі
16.03.2025, 08:21

Франциялық дзюдошы Тедди Ринерге UFC-мен келісімшартқа отырып, үш жекпе-жек өткізу үшін 15 миллион еуро ұсынылды. Бірақ спортшы бұл ұсынысты қабылдамады. 

japannews.yomiuri.co.jp
Реклама
Реклама

Тедди Ринер аралас жекпе-жекке (ММА) ауысуға мүлде қызықпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Championat.com жазды. 

"Жауабым – жоқ. Егер мен UFC-мен келісімшарт жасасам, менің бүкіл спорттық мұрам жоқ болар еді. Бұл мені қызықтырмайды. ММА – бұл зорлық-зомбылық, себебі жекпе-жектерде қан ағады, сондай сәттер болады, оны балаларымыздың көргенін қаламаймыз." 

ФОТО: sustainhealth.fit

Соған қарамастан Ринер дзюдошылардың ММА-ға ауысқан кезде артықшылығы бар екенін атап өтті:

"Менің ойымша, дзюдо спортшылары үшін ММА-ға бейімделу әлдеқайда оңай, өйткені бұл спорт түрінде біз көптеген салаларда басымдыққа ие бола аламыз." 

Осылайша бес дүркін Олимпиада чемпионы өз мансабын дзюдо шеңберінде жалғастыруды дұрыс деп тапты.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары