Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ финалын қайдан көруге болады? (ВИДЕО)
16.03.2025, 04:30
16 наурыз, жексенбі күні Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының финалдық кездесулері өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер ұлттық құрама мүшелерінің алтын жүлде үшін жекпе-жектерін тікелей эфирде тамашалай алады.
asbcnews.org
Әйелдер құрамасының бес боксшысы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады:
- Назым Қызайбай (48 кг) – қарсыласы Юлия Чумгалакова (Ресей)
- Алуа Балқыбекова (50 кг) – қарсыласы Ху Мэйи (Қытай)
- Виктория Графеева (60 кг) – қарсыласы Нуне Асатрян (Ресей)
- Аида Әбікеева (63 кг) – қарсыласы Тананья Сомнуек (Таиланд)
- Елдана Тәліпова (81+ кг) – қарсыласы Илян Чжан (Қытай)
Қашан және қайдан көруге болады?
Финалдық жекпе-жектер IBA boxing YouTube-арнасында 16 наурызда сағат 21:00-де (Астана уақытымен) басталады.
Жанкүйерлер төмендегі сілтеме арқылы өтіп тікелей эфирді тамашалай алады.
https://www.youtube.com/live/6VmcMDWR8u0?si=kSM8fF9zAJE9S4e3
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама