UFC турнирінің басты жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталды — Шавкат Рахмоновтың салмағындағы жағдай (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
23.03.2025, 10:20

Лондонда өткен UFC Fight Night 255 турнирінің басты жекпе-жегінде ағылшын файтері Леон Эдвардс (22-4) пен америкалық Шон Брэди (17-1) октагонда күш сынасты. 

champion.com.ua

Жекпе-жек мерзімінен бұрын тоқтатылды

Кездесу жартылай орта салмақта өтті және бес раундқа жоспарланған болатын. Бірақ төртінші раундта Шон Брэди қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл оның кәсіби мансабындағы 18-ші жеңісі болды. Ал бұрынғы чемпион Леон Эдвардс бесінші рет жеңіліс тапты.

Эдвардс – бұрынғы чемпион, Брэди – жаңа үміткер

Айта кетейік, Леон Эдвардс бұған дейін UFC жартылай орта салмағының чемпионы болған. Бірақ 2024 жылдың шілдесінде титулынан айырылып, америкалық Белал Мұхаммадтан (24-3) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген еді. Жаңа жеңістен кейін Шон Брэди чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Осы салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан жеңіліп Шавкат Рахмонов (19-0) та бар.