Назым Қызайбай нәзік бейнесімен қазақстандықтардың жүрегін жаулап алды (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
22.03.2025, 19:40

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай былғары қолғапты нәзік ұлттық киімге алмастырып, Наурыз мейрамына арналған ерекше фотосессия арқылы ел назарын өзіне аударды.

sportilinet.kz

Фотосессияны Қазақстан бокс федерациясы ұйымдастырған. Кадрларда Назым қазақы оюлы киім мен зерлі әшекейлер киіп, мерекелік әрі нәзік бейнесін көрсетті.

“Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке мен бірлік, үйлеріңізге молшылық пен бақыт тілеймін!” – деп жазды Назым Қызайбай Instagram парақшасында.

Пост аз уақыттың ішінде мыңдаған лайк пен жүздеген пікір жинап, қазақстандықтарды тәнті етті.

 instagram/@nazym_kyzaibay09 
 instagram/@nazym_kyzaibay09 

Назым Қызайбай – бокстағы тарихи жетістік

Қысқаша өмірбаяны:

  • Туған жылы: 1993

  • Туған жері: Алматы қаласы

  • Өскен жері: Жетіген ауылы (2002–2015)

16 наурыз күні Сербияда өткен әлем чемпионатында Назым Қызайбай әлемнің үш дүркін чемпионы атанып, бұл жетістікке жеткен Қазақстандағы алғашқы әйел боксшы болды.

Назым Қызайбайдың чемпиондық титул үшін алған жалпы гонорары:
215 000 АҚШ доллары немесе 108 миллион теңге.

Балалық шағындағы қиындықтар

Tengri Sport тілшісіне берген сұхбатында Назым өз өмір жолын былайша баяндаған:

“Бала күнімізде өте қиын тұрмыста өмір сүрдік. Бес адамнан тұратын отбасымыз айына 30 000 теңгеге күн көрді.
Ал 4–5 сыныптан бастап өзім жұмыс істеп, керек заттарымды өзім алуға тырыстым”.