Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Аңызға айналған боксшы дүниеден өтті

Редактор Penalty.kz
22.03.2025, 15:00

Олимпиада чемпионы, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы және тарихтағы ең танымал боксшы Джордж Формэн 76 жасында өмірден озды

fightnews.info
fightnews.info

АҚШ-тың аңызға айналған боксшысы, Олимпиада жеңімпазы және ауыр салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы Джордж Формэн 76 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның отбасы TMZ басылымына растады.

“Бізге көрсетілген махаббат пен тілектерге алғысымызды білдіреміз. Біз осы ерекше адамның өмірін еске алып жатқанда, тыныштықта қалуды сұраймыз”, – деді Формэнның туыстары.

Бокс әлеміндегі жылдам көтерілу: Олимпиададан әлем чемпионына дейін

Джордж Формэн 1949 жылдың 10 қаңтарында дүниеге келген. Ол бар болғаны 25 жекпе-жектен кейін әуесқой бокс тарихындағы ең үлкен жетістікке жетіп, 1968 жылы Мехикода Олимпиада чемпионы атанды.

Келесі жылы, 1969 жылы ол кәсіби рингке шықты. Ал екі жылдан кейін WBA және WBC тұжырымдары бойынша №1 үміткер атанды.

Ауыр салмақтағы биліктің басталуы

1973 жылы Формэн кәсіби мансабындағы ең ірі сәттердің біріне қол жеткізді. Оның рекорды – 37 жеңіс, 35 нокаут. 22 қаңтарда ол Кингстон қаласында Джо Фрейзермен жұдырықтасып, екінші раундта 6 рет нокдаунға түсіріп, қарсыласын сенсациялық түрде жеңді. Осылайша ол әлем чемпионы атанды.

“Джунглидегі дүбір”: Мұхаммед Әлимен аңызға айналған айқас

1974 жылы Формэн бокс тарихындағы ең есте қаларлық жекпе-жектердің біріне қатысты. Бұл жекпе-жек “Джунглидегі дүбір” (Rumble in the Jungle) деп аталып кеткен. Ол жерде Формэн мен Мұхаммед Әли рингте кездесіп, 8-раундта Әли нокаутпен жеңіске жетті.

Зейнет, дін жолы және кері оралу

1977 жылы Форман Джимми Янгтан жеңіліп, бокстан кететінін мәлімдеді. Ол сол кезеңнен кейін діни жолға бет бұрып, шіркеу қызметкері атанды.

Алайда, қаржылық қиындықтар салдарынан Формэн 10 жылдан кейін рингке қайта оралды.

45 жасында – қайтадан чемпион!

1994 жылы, Формэн 45 жасында қайтадан әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Бұл оны ең егде жастағы чемпион ретінде тарихқа енгізді.

1997 жылы ол кәсіби бокспен біржола қоштасты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір