
Лондонда өткен UFC Fight Night 255 турнирінің басты жекпе-жегінде ағылшын файтері Леон Эдвардс (22-4) пен америкалық Шон Брэди (17-1) октагонда күш сынасты.
Кездесу жартылай орта салмақта өтті және бес раундқа жоспарланған болатын. Бірақ төртінші раундта Шон Брэди қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл оның кәсіби мансабындағы 18-ші жеңісі болды. Ал бұрынғы чемпион Леон Эдвардс бесінші рет жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Леон Эдвардс бұған дейін UFC жартылай орта салмағының чемпионы болған. Бірақ 2024 жылдың шілдесінде титулынан айырылып, америкалық Белал Мұхаммадтан (24-3) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген еді. Жаңа жеңістен кейін Шон Брэди чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып отыр.
Осы салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан жеңіліп Шавкат Рахмонов (19-0) та бар.