Азия чемпионаты: Қазақстан грек-рим күрес шеберлері нешінші орын алды?

Редактор Penalty.kz
27.03.2025, 10:28

Иордания астанасы Амман қаласында өткен грек-рим күресінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Екі күнге созылған додада Қазақстан құрамасы жоғары нәтижемен қуанта алмады. Жерлестеріміз небәрі төрт медальмен шектеліп, командалық есепте тек төртінші орынға табан тіреді.

Спортты дамыту дирекциясы

Салмақ дәрежелері бойынша қазақстандық балуандардың нәтижелері:

  • 55 кг – Ербол Қамалиев: ширек финалда және қола үшін белдесуде жеңілді.
  • 60 кг – Бақытжан Қабдұл: іріктеу кезеңінде қарсыласынан ұтылды.
  • 63 кг – Сұлтан Әсетұлы: жартылай финалда және қола үшін белдесуде жеңілді.
  • 67 кг – Мейіржан Шермаханбет: іріктеуден аса алмады.
  • 72 кг – Әділхан Сатаев: жарысты алғашқы айналымда аяқтады.
  • 77 кг – Ибрагим Магомадов: қола медаль үшін белдесуде жеңіске жетті.
  • 82 кг – Омар Сатаев: финалда қарсыласына жол беріп, күміспен шектелді.
  • 87 кг – Шамиль Ожаев: қола үшін белдесуде жеңіске жетті.
  • 97 кг – Ілияс Гучигов: ширек финалда жарыс жолынан шығып қалды.
  • 130 кг – Әлімхан Сыздықов: финалда қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдегер атанды.

Командалық есеп:

  1. Иран – 5 алтын, 3 күміс, 0 қола
  2. Өзбекстан – 3 алтын, 2 күміс, 1 қола
  3. Жапония – 1 алтын, 1 күміс, 4 қола
  4. 4. Қазақстан – 0 алтын, 2 күміс, 2 қола

Айта кетейік, былтыр Бішкекте өткен Азия чемпионатында Қазақстан 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль еншілеген болатын. Биылғы нәтиже – бір саты төмендеу.