Белгілі спорт сарапшысы әрі комментатор Есей Жеңісұлы Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің мансабын жалғастыруына қатысты пікір білдірді.
Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға дейін Елдос Сметов "қартаяды" деп мәлімдеді.
"Сонда Олимпиадаға қартайған Елдос Сметовті апарамыз ба? "Қартайған"дегенді жақсы мағынада айтып отырмын. Үш Олимпиададан жүлдегер атану оңай емес. Бірақ бәрібір Лос-Анджелес Олимпиадасына дейін ол қартаяды. Уақыт өзінікін алады, бәрібір.
Парижде жасы 30-дан асқан Демеу Жадыраев алды. Мысалы таеквондодан екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған өзбек Ұлықбек Рашитов деген жігіттің дейінгі нәтижелері күшті болмады. Соған қарамастан ол жазғы ойында топ жарды. Демек, олар таразының қай басын басатынын жақсы біледі. Алысқа бармай, тәжірбиемен алмасу керек.
Сондықтан біз белгілі спорт түрлеріне басымдық беріп, кімнің құлағы қылтиып келе жатыр, соны шығаруымыз қажет. Елдос Сметовтан кейін алтын үзіліп қалмай ма? Соны ойлауымыз керек" – дейді Есей Жеңісұлы.