"Қазақтарды жеңген боксшылар қайта оралды!" – Өзбекстан мықтыларын Бразилияға алып барады

Редактор Penalty.kz
27.03.2025, 19:21

Өзбекстан бокс федерациясы 28 наурыз бен 7 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтетін алғашқы World Boxing Кубогіне қатысатын ұлттық құраманың тізімін ресми түрде жариялады.

asal.media

Өзбекстан құрамасы (салмақ дәрежесі бойынша):

  • 50 кг – Асилбек Жалилов
  • 55 кг – Миразизбек Мирзахалилов
  • 60 кг – Мадияр Данияров
  • 65 кг – Асадхужа Муйдинхужаев
  • 70 кг – Икболжон Холдоров
  • 75 кг – Фазлиддин Эркинбоев
  • 80 кг – Жавохир Умматалиев
  • 85 кг – Акмалжон Исроилов
  • 90 кг – Турабек Хабибуллаев
  • +90 кг – Жахонгир Зокиров

Өзбекстан сапында бірнеше атышулы спортшылар бар:

  • Асадхужа Муйдинхужаев – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы (71 кг дейін);
  • Фазлиддин Эркинбоев – 2025 жылы Болгарияда өткен "Странджа" кіші әлем чемпионатының жеңімпазы. Ол финалда (80 кг дейін) қазақстандық Ерасыл Жақпековты жеңген;
  • Жахонгир Зокиров – аса ауыр салмақтағы мықты боксшы. Ол 2025 жылғы "Странджа" турнирінде (92 кг жоғары) Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбайды тізе бүктірген.

Қазақстан неге сақтықпен қарауы керек?

Өзбекстанның бұл құрамы – толыққанды және тәжірибелі боксшылардан құралған, яғни Қазақстан үшін турнирдегі басты бәсекелес деуге болады. Айта кету керек, Қазақстан бұл турнирге резервтегі құрамды жіберіп отыр. Негізгі құрам Ресейдің Кисловодск қаласында өтетін оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.