Сербияда шаршағандар демалады, ал жаңа жұлдыздар Бразилияға аттанады

Редактор Penalty.kz
28.03.2025, 13:40

Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының әлем кубогына қатысатын құрамы белгілі болды. Бұл турнир 28 наурыз бен 7 сәуір аралығында Бразилияда World Boxing ұйымының қолдауымен өтеді. 

NUR.KZ

Құрама команда Алматы облысы, Жанашар ауылындағы олимпиадалық даярлау орталығында оқу-жаттығу жиынын бастап кетті. Бас бапкер Елдос Сайдалин жетекшілік ететін спортшылар 10 сәуірге дейін осы жерде жаттығады.

Бразилияға үш боксшы аттанады. Олар: 

  • Жазира Орақбаева – 51 келі; 
  • Анита Адишева – 54 келі; 
  • Ұлжан Сарсенбек – 57 келі.

Бұған дейін Сербияда өткен әлем чемпионатына қатысқан боксшыларға қысқа мерзімді демалыс берілді. Қазір олар қалыпқа келу кезеңінен өтіп жатыр.

Қалған спортшылар оқу-жаттығу жиынынан кейін халықаралық турнирлерге қатысады. Атап айтқанда, Баку (Әзербайжан) мен Хабаровск (Ресей) қалаларындағы беделді жарыстарда бақ сынамақ.