Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

59 секундтағы жеңіс! Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Редактор Penalty.kz
29.03.2025, 14:34

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы белдесуін бар-жоғы 59 секундта аяқтады.

ҚР Спортты дамыту дирекциясы
Реклама
Реклама

97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Айтмұхан іріктеу кезеңінде Индонезия өкілі Мухамад Рудиансиямен жолықты. Белдесу басталысымен-ақ басымдық танытқан Ризабек бар болғаны 59 секундтың ішінде техникалық басымдықпен — 10:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Бұл нәтижемен Айтмұхан жарыстың келесі кезеңіне сенімді түрде өтті.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан — 2023 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионы (92 кг). Бұдан бөлек, ол жастар (U20) және 23 жасқа дейінгілер (U23) арасында әлем чемпионаттарының алтын жүлдегері атанған. Азия чемпионаттарында да жүлде алған тәжірибелі балуан жаңа салмақ — 97 кг-да өз мүмкіндігін сынап жатыр.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары