Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Сенсация! Рахат Қалжан Олимпиада жүлдегерін жықты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
29.03.2025, 15:03

Иордания астанасында еркін күрестен Азия чемпионаты өтіп жатыр.

ҚР Спортты дамыту дирекциясы
Реклама
Реклама

Ширек финалда Қалжанның қарсыласы өзбекстандық Гуломжон Абдуллаев болды. Белдесу барысында Рахат ұпай бойынша жеңіліп жатқанымен, соңғы секундтарда керемет қарқын көрсетіп, 5:3 есебімен жеңісті жұлып алды. Бұл нағыз спорттық ерік пен мінездің көрінісі болды.

Азия чемпионаты аясында өткен іріктеу кезеңінде Рахат Қалжан оңтүстіккореялық Чжэхён Анды техникалық басымдықпен — 10:0 есебімен жеңген еді. 

Жартылай финалда Қалжанға ирандық мықты Милод Джахангир Вализаде қарсылас атанады. Бұл кездесу де аса тартысты болмақ.

Еске сала кетейік, Рахат Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатында (2022 ж) күміс, ал Астанада 2023 жылы қола жүлдегер атанған.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары