Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Финал қарғысы ма? Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатында үшінші рет "алтынсыз" қалды

Редактор Penalty.kz
29.03.2025, 23:11

Амман (Иордания) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақтың шешуші белдесуінде жеңіліп қалды. 

ҚР Спортты дамыту дирекциясы
Реклама
Реклама

Ризабек алтын үшін жапондық балуан Араш Йошидаға қарсы күресті. Жекпе-жек қорытындысы — 7:1 есебімен Йошиданың пайдасына аяқталды. 

Финалда айқын басымдық танытқан Араш Йошида Азияның жаңа чемпионы атанса, Ризабек Айтмұхан құрлықтық жарысты күміс медальмен аяқтады. Бұл — қазақстандық балуан үшін ауыр соққы. Себебі ол 2023 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Бірақ Азия чемпионаттарында қатарынан үшінші жыл алтын тұғырға көтеріле алмай отыр.

Йошида 97 келі салмақта әлем бойынша 2-орында тұр. Ризабек Айтмұхан бұл рейтингте 7-орында орналасқан.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары