Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Олимпиадаға қатысқан қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласына баға берді

Сарапшы, спорт журналисі
03.04.2025, 15:00

Жекпе-жек 5 сәуір күні Астанада өтетін кәсіби бокс кешінде ұйымдастырылады. 

mma.metaratings.ru
Реклама
Реклама

WBO және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) мен Франция өкілі Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) арасындағы жекпе-жек алдында Олимпиада-2004 қатысушысы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан чемпионы Миржан Рахимжанов пікір білдірді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. 

«Шахмат ойынына ұқсас жекпе-жек болады» – Рахимжанов

Спорт маманының айтуынша, француз боксшысының әуесқой рингте айтарлықтай тәжірибесі бар, сондықтан ол алғашқы раундтарда беріле қоймайды.

«Нгамиссенге – Олимпиадаға қатысқан спортшы. Оның әуесқой бокста жақсы тәжірибесі бар. Ондай боксшылар оңайлықпен тізе бүкпейді. Әдетте, олар соңына дейін күреседі. Олимпиадада жұдырықтасқан жігіттердің мектебі мықты болады. Француз қарсылас та бір орында тұрмайтын, аяқпен жақсы жұмыс істейтін боксшы. Жәнібек те солай. Сондықтан бұл кездесуде екі шебердің ақыл-ойы сынға түседі, шахмат тәрізді тартыс күтіп тұр», – деді Миржан Рахимжанов Sports.kz-ке берген сұхбатында.

Жекпе-жек 5 сәуір күні Астанада өтетін кәсіби бокс кешінде ұйымдастырылады. Бұл кештің басты оқиғасы – Жәнібек Әлімханұлының әлемдік титулдарын қорғауы болмақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары