Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Баходир Жалолов: Иван Дычкомен кездесу маған қызық емес

Сарапшы, спорт журналисі
03.04.2025, 16:10

Десе де, өзбек боксшысы жақсы қаржы ұсынылса, кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін айтып қалды. 

penalty.kz
Реклама
Реклама

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын өзбекстандық кәсіпқой боксшы Баходир Жалолов Иван Дычкомен кездесуге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл жекпе-жек қазірше өзекті емес.

Жалолов Астанада жұрт алдына ашық жаттығу өткізді

Баходир Жалолов 5 сәуірде Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысады. Жекпе-жекте оның қарсыласы — украиналық Игорь Шевадзуцкий. Бұл кездесу аса ауыр салмақта өтеді.

  • Жалоловтың кәсіби рекорды: 14 жеңіс (14/0)
  • Шевадзуцкийдің көрсеткіші: 14 жекпе-жек, 12 жеңіс, 2 жеңіліс

Жалолов пен Дычко: Көптен күткен реванш болмайды

Жанкүйерлер көптен бері Баходир Жалолов пен қазақстандық Иван Дычко арасындағы кәсіпқой жекпе-жекті асыға күтіп жүр. Алайда өзбекстандық боксшы бұл ұсынысқа қызықпайтынын айтты.

«Иван Дычкомен кездесу маған қызық емес. Оның өз жолы бар, менің өз жолым бар. Жоспарды тек менеджерлермен бірге ақылдасып құрамыз», – деді Жалолов.

Айта кетейік, әуесқой бокста бұл қос алып 4 рет кездесіп, барлығында Иван Дычко жеңіске жеткен еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары