Өзбекстанмен жекпе-жек: Бокстан әлем кубогының бесінші күнінде кімдер рингке шығады?

Редактор Penalty.kz
04.04.2025, 18:00

Бүгін Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан әлем кубогының бесінші күні өтеді.

optimism.kz

Бесінші күннің басты ерекшелігі — жартылай финалдық жекпе-жектердің басталуы. Олардың барлығы 02:00-де басталатын жалғыз сессия аясында өтеді.

Әйелдер арасындағы жекпе-жектер:

  • Жазира Орақбаева (51 кг дейін) — алғашқы жұпта Польша өкілі Наталия Кучевскаямен қолғап түйістіреді.
  • Ұлжан Сарсенбек (57 кг дейін) — үшінші жұпта поляк боксшысы Юлия Шереметамен күш сынасады.

Ерлер арасындағы кездесулер:

  • Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг дейін) — бесінші жұпта үндістандық Маниш Ратхормен кездеседі.
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жекпе-жек: тоғызыншы жұпта Диас Молжігітов (80 кг дейін) Жавохир Умматалиевке қарсы шығуға дайын.
  • Кештің 11-жұбындаДәулет Төлемісов (85 кг дейін) француз Абдулайе Траоремен финал жолдамасын сарапқа салады.