Қазақстандық боксшылар Бразилиядағы әлем кубогында алты жүлде жеңіп алды

Жарнама
Жарнама

Фос-ду-Игуасуда (Бразилия) өткен бокстан әлем кубогында Қазақстан құрамасы үш алтын және үш қола медаль иемденді. 

Қазақстандық боксшылар Бразилиядағы әлем кубогында алты жүлде жеңіп алды
Instagram/@worldboxing

World Boxing ұйымы ұйымдастырған айтулы халықаралық турнирде қазақстандықтар жалпы алты медаль еншіледі. 

Алтын медаль иегерлері:

  • Нұрсұлтан Алтынбек — 51 келі (ерлер),
  • Дәулет Төлемісов — 85 келі (ерлер),
  • Жазира Орақбаева — 51 келі (әйелдер).

Қола медаль иегерлері:

  • Диас Молжігітов — 80 келі (ерлер),
  • Даниал Сапарбай — 90+ келі (ерлер),
  • Ұлжан Сәрсенбек — 57 келі (әйелдер).

Әлем кубогына Қазақстан құрамасы келесі боксшылармен қатысты. 

Қазақстандық боксшылар Бразилиядағы әлем кубогында алты жүлде жеңіп алды
Дәулет Төлемісов
Қазақстандық боксшылар Бразилиядағы әлем кубогында алты жүлде жеңіп алды
Нұрсұлтан Алтынбек 
Қазақстандық боксшылар Бразилиядағы әлем кубогында алты жүлде жеңіп алды
Жазира Орақбаева

Ерлер:

  1. Нұрзат Оңғаров (50 кг),
  2. Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг),
  3. Талғат Сырымбетов (60 кг),
  4. Алмат Әбдуәли (65 кг),
  5. Дархан Дүйсебай (70 кг),
  6. Диас Молжігітов (80 кг),
  7. Дәулет Төлемісов (85 кг),
  8. Даниал Сапарбай (90+ кг).

Әйелдер:

  1. Жазира Орақбаева (51 кг),
  2. Анита Адишева (54 кг),
  3. Ұлжан Сәрсенбек (57 кг).
Жарнама
Жарнама