Қазақстан әлем кубогының финалында Өзбекстанды жеңді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
06.04.2025, 07:16

Дәулет Төлемісов Бразилияда өткен әлем кубогының финалында өзбек қарсыласын жеңіп, алтын медаль еншіледі. 

Instagram/@worldboxing

Фос-ду-Игуасу қаласында (Бразилия) World Boxing ұйымы ұйымдастырған әлем кубогының финалында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Дәулет Төлемісов өзбекстандық Акмалжон Исроиловпен жұдырықтасты.

Айқас аса шиеленісті өтті. Екі боксшы да жеңіске лайық өнер көрсетті. Бірақ төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіс қазақстандық спортшыға бұйырды.

Осылайша Дәулет Төлемісов әлем кубогының чемпионы атанып, ел қоржынына тағы бір алтын жүлде салды. Өз кезегінде Акмалжон Исроилов турнирдің күміс жүлдегері болды.