Қазақстандық боксшы әлем чемпионын тізе бүктірді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
06.04.2025, 06:58

Бокстан Бразилиядағы әлем кубогының финалында Нұрсұлтан Алтынбек өзбекстандық чемпион Миразизбек Мирзахалиловты сенсациялық түрде жеңді. 

Instagram/@worldboxing

Фос-ду-Игуасу (Бразилия) қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен бокстан Әлем кубогында Нурсұлтан Алтынбек 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шықты.

Оның қарсыласы — әлем және Азия чемпионы, 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2021 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Миразизбек Мирзахалилов болды. Көпшілік өзбек боксшысын фаворит санағанымен, жекпе-жек нәтижесі керісінше болды.

Үш раунд бойы екі боксшы да жанкештілікпен шайқасты. Бірақ рингтегі батылдығы мен тактикалық шеберлігінің арқасында қазақстандық төрешілер шешімімен жеңіске жетті.