
Астананың "Жеңіс" футбол клубында жаңа тағайындау. Қазақстандық маман Пиралы Әлиев уақытша бас бапкер қызметіне кірісті.
Клуб өкілдерінің мәлімдеуінше, Пиралы Әлиев бұған дейін грек бапкері Акис Вавалистің көмекшісі қызметін атқарған. Енді ол уақытша бас бапкер ретінде команда тізгінін қолға алды.
"Біз Вавалистің көмекшісі, жас қазақстандық маман Пиралы Әлиевке сенім артуды жөн көрдік. Әзірге оның мәртебесі – уақытша бас бапкер. Дегенмен ол өз мүмкіндігін дәлелдеп, бұл атаудан құтылатынына үміттіміз", – делінген клубтың ресми Telegram арнасында.
Бүгін "Жеңіс" клубы бұрынғы бас бапкер Акис Вавалиспен келісімді тоқтатқанын ресми хабарлады. Келісімшарттың бұзылуына грек маманының жеке, отбасылық жағдайлары себеп болған.