Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Сәбина қайтадан ғашық болды ма?"– Алтынбекованың фотосуреттері елді елең еткізді (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
22.04.2025, 09:36

Қазақстандық волейболшы, сұлулығымен жұртты тамсандырған Сәбина Алтынбекова Instagram парақшасында жариялаған жаңа фотоларымен тағы да назарға ілікті. Ол өзінің соңғы аптасын қалай өткізгенін жанкүйерлерімен бөлісті. 

instagram/@altynbekova_20
instagram/@altynbekova_20

Жарияланған фотосуреттер топтамасынан көргеніміздей, 28 жастағы спортшы қыздың аптасы өте мазмұнды әрі белсенді өткен. Сәбина гүл шоқтарын алып, гитарада ойнап, спортпен айналысып, қарудан оқ атып, жаңа нәрселерді үйреніп, көз тартар фотосессия жасаған.

Фотолар астына қысқа ғана: "Өмірден ләззат алу" деп жазған Сәбина көп сөзбен емес, әрекетімен ой тастап отыр. 

Әдемі кадрлар ел назарынан тыс қалмады. Желі қолданушылары Сәбинаға түрлі жылы лебіздерін арнады:

  • "Сәуле шашып тұрсың",
  • "Ең үздіксің", 
  • "Керемет қыз",
  • "Волейбол ханшайымы",
  • "Қазақ жігіттерінің арманысың", – деп жазды олар.
  • "Қуат Найманға күйеуге шық!"– желідегі ұсыныс

Айта кетейік, бір айдан астам уақыт бұрын Сәбина Алтынбекова өзінің ажырасқанын мәлім еткен. Осы жағдайдан кейін оның кейбір жанкүйерлері спортшы қызға бұрыннан бері оны ұнатып жүретін Қуат Найманға тұрмысқа шығуға кеңес берді:

"Сәбина, Қуат Найманға күйеуге шық!" – деген пікірлер жиі кездесті.

2025 жылдың 12 наурызында Сәбина әлеуметтік желі арқылы ажырасу себебіне қатысты ишара жасап, болашақ жұбайы туралы ойымен де бөлісті. Бірақ нақты егжей-тегжейлі ақпаратты бөліскен жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір