Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Жетісу" тарихи Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 17:44

Филиппиннің Пасиг қаласында әйелдер арасындағы волейболдан Азияның тұңғыш Чемпиондар лигасы жалғасып жатыр. Турнирдің алғашқы ширек финалында Қазақстан чемпионы "Жетісу" алаң иелері — PLDT клубын айқын басымдықпен жеңіске жетті.

instagram/@vc_zhetysu
instagram/@vc_zhetysu

Талдықорғандық ұжым үш партияның бәрінде басымдықты уысынан шығармай, кездесуді 3:0 есебімен аяқтады — (25:13, 25:22, 25:20).

Бұл жеңіс "Жетісу" клубын тарихи турнирдің жартылай финалына алып шықты.

Жартылай финалда қазақстандықтар Таиландтың "Накхонратчасима" командасы мен Филиппиннің Creamline Cool Smashers арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Айта кетейік, Creamline сапында Қазақстан волейболшысы Анастасия Коломоец өнер көрсетіп жүр.

Турнир финалына шыққан екі команда әйелдер арасындағы Клубтар арасындағы әлем чемпионатына жолдама алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір