
Алуа Нұрман Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Азия чемпионатында блиц санатында алтын медаль жеңіп алды.
Алуа Нұрман жарысты керемет қарқынмен бастап, қатарынан алты партияда жеңіске жетті. Оның ішінде ең сенсациялық нәтиже — FIDE атынан қатысқан тәжірибелі Валентина Гунинаға қарсы жеңісі. Финалдық турда Алуа тағы бір қазақстандық шахматшы Ксения Балабаеваны ұтып, қосымша көрсеткіштер бойынша Гунинадан озып кетті.
Азия үздіктерінің үштігі:
Жарыс барысында тағы үш қазақстандық спортшы үздік ондыққа енді: