Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Өлетінін біле тұра, алаңға шықты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
11.05.2025, 20:54

Бір ғана ұпай. Бір ғана қадам. Бірақ бұл арман мен ажалдың айқасы еді. 

espn.com
espn.com

Бір фото – бір тағдыр

АҚШ-тың Огайо штатындағы Mount St. Joseph колледжінің 19 жастағы баскетболшысы Лорен Хиллге 2014 жылы дәрігерлер ауыр үкім шығарды. Жас спортшыдан ми ісігі анықталды.

Дәрігерлердің айтуынша, Лоренге санаулы айлары қалған еді. Бірақ Лорен мойымады. Сүйікті спортын тастамады. Соңғы демі қалғанша күресуге бел буды. 

Фото: indystar.com

NCAA Лореннің кезекті ойында алаңға үшін арнайы шешім қабылдап, колледж деңгейіндегі матчты ерте мерзімге ауыстырады. Сөйтіп 2014 жылдың 2-қараша күні стадионға лық толы жанкүйерлер алдында бұрымды баскетболшы алаңға шығып, өзінің алғашқы әрі соңғы добын соқты. Бұл — ерік пен ерлікке арналған соңғы матч еді.

Фото: sportscasting.com

Соңғы миссия

Сол ойыннан Лорен алаңға шыққан жоқ. 5 айдан кейін өмірден өтті. Бірақ сол уақытқа дейін ми ісігін зерттеуге арналған қайырымдылық қорын құрып үлгерді. 1 миллион доллардан астам қаражат жинап кетті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 6
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір