
Олимпиада чемпионы Англияда білімін жетілдіріп жүр.
Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов қазіргі уақытта Ұлыбритания астанасы Лондонда жүр. Бұл жайлы ол ауызыашар кезінде журналист Ғалымжан Қараманұлымен болған сұхбатында айтты. Атақты спортшы тұманды Альбионда ағылшын тілін үйрену мақсатымен жүргенін мәлімдеді.
Елдостың айтуынша, тілді меңгеру оңайға соғып жатқан жоқ. Дегенмен ол мақсатынан таймай, күнделікті жаттығу үстінде екенін айтты.
"Бар күшімізді салып жатырмыз, бірақ бұл оңай емес. Соған қарамастан, тырысып бағудамыз", – деді Сметов.
Айта кетейік, Елдос Сметов Олимпида ойындарының үш дүркін жүлдегері. Париж ойындарында алтын медаль иеленді.