
Байрақты бәсеке ертең Тайландта басталады.
25–28 сәуір аралығында Таиланд астанасы Бангкок қаласында дзюдодан ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Бұл құрлықтық додада Қазақстан құрамасы да бақ сынайды.
Қазақстан намысын 17 дзюдошы қорғайды. Олар өз салмақтарында жеңіс үшін таласып, Олимпиадалық рейтингте маңызды ұпайлар еншілеуге тырысады.
Биылғы Азия чемпионатына 30 елден 300-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.