
Амманда өтіп жатқан күрес бәсекесінде Қазақстан құрамасы қос бірдей финалиспен жарқырады.
86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық балуан Болат Сақаев қытайлық Цао Нанды айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алды.
Осыған дейін, 74 келіге дейінгі салмақта күрескен Нұрқожа Қайпанов та жартылай финалдан сүрінбей өтіп, финалға жолдама алған болатын. Осылайша бүгін екі бірдей қазақстандық балуан Азия чемпиондығы үшін күреседі.
Ал 92 келіге дейінгі салмақтағы Азамат Дәулетбеков жартылай финалда ирандық Амирхосейн Фирузпурбандпеядан жеңіліп қалды. Енді ол қола жүлде үшін белдесуге шығады.
Турнирдің бастапқы кезеңдерінде Мұхамед Балғабай (61 кг) пен Нұрсұлтан Азов (125 кг) жеңіліске ұшырап, жарысты ерте аяқтады.